1956 жылы еңбекші қорының Жоғарғы басқармасының бұйрығымен №35 құрлысшы мектебі ұйымдастырылған болатын, содан 1957 жылы құрлысшы училищесі болып қайта құрылды.
1962 жылдың қыркүйегінде №19 кәсіптік техникалық училище болып өзгертіліп, «Қарағанды киім» бірлестігіне, Абай тігін фабрикасына тігінші-мотористкаларды дайындай бастады.
1982 жылы №19 КТУ- ге «Жоғары мәдениетті училище» атағы берілді. 1984 жылы №19 қалалық кәсіптік-техникалық училищеден №19 Орта кәсіптік-техникалық училищеге ауысты. 1985 жылы Бүкілодақтық орталықтандырылған кеңестік кәсіби жарысының сыйақысының лауреаты атанды. 1987 - 1988 жылдары Республикалық және Бүкілодақтық кеңестік жарыстың жеңімпазы. Аймақтағы үлгілі де салалы училище. 1996 жылы №19 ОКТУ, №19 кәсіптік техникалық мектеп (№19 КТМ) болып аталды. 1998 жылдан училище тігінші, пішуші, шаштаразшы, хатшы- жәрдемші, радиомеханик кәсіби мамандар дайындай бастады.1999 жылы сән театры «Грация» ұйымдастырылған болатын, үлгілерді пішушілер пішіп, топ тігіншілері тігетін. 2002 жылдан бастап № 19 КТМ-нен кәсіптік мектепке ауысты (№ 19 КМ) 2009 жылы №19 КМ–тен кәсіптік лицейге өзгертілді (№ 19 КЛ). 2013 жылы «№19 Кәсіптік мектеп» ММ – «Қарағанды технология және сервис колледжі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта жабдықталды.
Колледжде жоғары білікті оқытушылар ұжымы қалыпты жұмыс істейді. Педагогтардың жалпы санының 80 % жоғары білімді, ұжымның 44 % - жоғары және бірінші санаттағы педагогтар.
Оқу жүйесін ұйымдастыруда және жүргізуде колледж өзінің базасын қалыптастырған: екі оқу корпусы бар, 7 оқу-өндірістік шеберханасы, 16 оқу кабинеттері, барлығы дерлік 100% оқу орындарымен жабдықталған. Соңғы екі жылда колледждегі оқу-өндірістік шеберханалардағы материалдық-техникалық базалар мәселесі оңтайлы шешіліп келеді. 2012 жылы екі шаштараз шеберханаларында жөндеу мен жаңа қондырғылар орнатып өзгертулер жасалынды, өзін – өзі тану (отырыс залы) мен қазақ тілі кабинеттеріде жөндеуден өтіп, өзгерістер жасалынды.
70 % колледждегі электр жүиелері өрт қауіпсіздігі, СНиП, ТБ ережелерінің талаптарына сай жаңартылды, корпустарда автоматандырылған жылу жүиесі (АЖЖ) орнатылды, корпус шатырлары іргелі жөндеуден өтті. 2013 жылдан үшінші шаштараздық шеберхана күрделі жөндеуден өтті, жаңа қондырғылар орнатылды, үш тігін шеберханаларын өндірістік тігін қондырғыларымен жабдықталды (тігін машинкалары, арнайы машинкалар, пішу қондырғысы, бағдарламамен қамтамассыз етілген) колледждің мектептік жиһаздарын 90 % ауыстырылды. Колледж есебінде компьютерлік паркінде 110 дана тіркелген.
Жетістіктері
Педагогикалық ұжымның кәсіби жұмысының арқасында білім базасы мығым, бұл оқушылардың тәуелсіз түрде білім сапасын бағалауда жақсы қортындылар көрсетеді. Кейінгі үш жылда түлектердің барлық санынан ТБСБ өткен студенттердің көрсеткіштері 84%-дан 94%-ға өсті.
(2013 -2014 ж. қортындысы 94 %)
Студенттермен белсенді жұмыстар жүргізіледі:
2012 ж «Кәсібінде үздік» Республикалық конкурсна қатысу.
- «Etno Style» номинациясы бойынша 1 дәрежелі Диплом – Салова Раушан, П-11-12 топ, жетекші – ӨО шебері Кожихова Л.И.
- «Фантазия в русском стиле» номинациясы бойынша 2 дәрежелі Диплом – Даняева Виктория
П 9–12 топ, жетекші арнайы пәндер оқытушысы Колесникова О.Г.
- «Etno Style» номинациясы бойынша 3 дәрежелі Диплом – Абт Кристина, П9-12 топ, жетекші –ӨО шебері ПолежаеваЗ.Н.
- 2013 ж.Екінші Республикалық ғылыми жұмыстар конкурсына қатысқан студенттер екінші дәрежелі Дипломмен марапатталды: Закатова Оксана, Тулепбекова Кристина, Ш-9-11 тобының студенттері, жетекші Лебединская Л.А.
Байланыстар:
Мекен- жай : Қазақстан, Қарағанды қаласы,Зональная көшесі 75,
Байланыс телефондары: 31-38-80 (қабыдау бөлмесі), 30-59-79 (директор)
Email:kar_kts@mail.ru
Ұйымның сайты: Һttps://e.edu.kz/web/131326
Толығырақ
2025 ж. 1 қыркүйек
Колледж өте керемет!!! Оқытушылар өз кәсібінің мамандары, әрі тәрбие мен өнеге ге үйретіп, білім-сананы дамытуда үлкен үлес қосты. Жалпы колледжге алғысым шексіз!