Шаштараз өнері және сәндік косметика - бұл өте шығармашыл және сұранысқа ие мамандық. Жер бетінде шаштараздың қызметіне жүгінбеген адам жоқ шығар. Бірақ қазіргі таңда бұл мамандық алуан түрлі қызмет жиынтығын білдіреді. Олар стилисттер, косметологтар, маникюр мен педикюр шеберлері, колористтер және т.б. Жалпы осы мамандық өкілдері клиент келбетін түрлендіру, шедевр жасау бойынша жұмыс жасайды, шығармашылық сюжетпен клиенттің әрқайсысына жеке көңіл бөледі.
Осылайша, осы бағыттағы жұмыс креативті, шығармашыл адамдарға арналған. Сондай-ақ шыдамды адамдарға. Өйткені клиенттің қалауы бойынша қызмет көрсетіледі. Сіз клиенттің таңдаған образы немесе шаш қию үлгісі оған жараспайтынын түсініп тұрсаңыз да, сіз оның тапсырысын орындауыңыз керек немесе сіздің ойыңызша қалай жақсы болатынын дұрыс және әдепті түсіндіруіңіз керек.
«Шаштараз өнері және сәндік косметика» мамандығы бірнеше бағыт бойынша кәсіби мамандарды дайындайды:
- шаштараз-стилист;
- суретші-модельер.
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек
2025 ж. 1 қыркүйек